USD
USD
USD

Қонаев қаласындағы демалыс базасында үш жігіт дене жарақатымен ауруханаға түсті

8 сәуірде сағат 19:03-те Қонаев қалалық полиция басқармасына қалалық ауруханадан түрлі дене жарақаттары бар үш ер адамның түскені туралы хабарлама келген.

Қонаев қаласындағы демалыс базасында үш жігіт дене жарақатымен ауруханаға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы хабарлама бойынша Қонаев қаласы ПБ СДТБТ-да ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағында “Бұзақылық” көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тергеу барысында зардап шеккендер Қапшағай су қоймасының жағасына ұжымдық демалысқа келіп, жеке аумаққа заңсыз кіргені анықталды. 1986 жылғы Г. есімді аймақтың меншік иесі мен жұмысшылары ер адамдармен ауызша жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Оқиғаға қатысушылары мән-жайды анықтау және оның қатысушыларының іс-әрекетін құқықтық бағалау үшін полиция басқармасына жеткізілді.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу жалғасуда.  ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе