USD
USD
USD

Қонаев қаласында үш ойын мекемесі лицензиясынан айырылды

ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті Қонаев қаласындағы 4 ойын мекемесіне жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

Қонаев қаласында үш ойын мекемесі лицензиясынан айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тексеру нәтижесі бойынша бизнестің үш субъектісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 445-ші бабының 3-ші тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ойын автоматтары залының иелері машиналарға технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы бойынша талаптарды сақтамаған. «Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес, ол кем дегенде 95% болуы керек.

Қонаев қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы шешімімен және Алматы облыстық сотының (апелляциялық саты) 2023 жылғы 20 шілдедегі шешімімен ойын бизнесінің барлық 3 субъектісі құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың лицензиясы тоқтатылып, әрқайсысына 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

«7 әкімшілік іс қозғалды, 6 айыппұл салынды, бір ойын автоматтары залының иесі лицензиядан айырылды. Сонымен қатар, заңды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қатысуымен ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді», - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Қазір оқып жатыр

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы