USD
USD
USD

Қонаев қаласында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 17 желтоқсаннан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Қонаев қаласы әкімдігі
Фото: Қонаев қаласы әкімдігі

Астана, NEGE. Қалалық әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, Қонаевта 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қатты желдің салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырлары зақымданып, көшедегі жарық бағаналары істен шыққан.

«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Қонаев қаласының әкімі табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. 17 желтоқсаннан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай ресми түрде жарияланды.

Төтенше жағдайлар резервінен бөлінген қаражат есебінен зақымданған нысандарда жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі», – делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

11 желтоқсаннан бері қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. 

Әкімдіктегілер қазіргі уақытта Қонаев қаласындағы жағдай тұрақты екенін мәлімдеді: электр энергиясы, ауыз су және жылумен қамту жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

су қауіпсіздігі