USD
USD
USD

Қонаев қалалық сотының төрағасы бас бостандығынан айырылды

Қонаев қалалық сотының төрағасы сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.

Сот шешімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен Қонаев қалалық сотының төрағасы Ж.Қ.Жанболатов 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол сотталушыға жазасын жеңілдету сылтауымен, аса ауыр қылмысты жеңілдету бойынша 9 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу арқылы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды», — деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, қосымша жазалау шарасы ретінде Жанболатов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі