USD
USD
USD

Қонаев әкімдігі 150 мың га жерді тұрғын-ойын-сауық кешенін салуға заңсыз берген

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қонаев қаласы әкімдігінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, шенеуніктердің Жер кодексі талаптарын бұзғанын анықтады.

жер телімі, мемлекеттік меншікке қайтару
Фото: ауыл шаруашылығы министрлігі

Астана, NEGE. Тексеруге жер телімдерін беруге қатысты мәселелер негіз болды, деп хабарлайды комитет өкілдері.

«Тексеру барысында жалпы аумағы 150 мың гектар жер телімі тұрғын-ойын-сауық кешенін және зоологиялық паркті орналастыруға берілгені анықталды.

Жер беру кезінде Жер кодексінің талаптары бұзылған. Атап айтқанда, жер телімін бөлу қала бас жоспарының ережелеріне қайшы келген», – делінген хабарламада.

Бұған қоса Қонаев қаласы әкімдігіне берілген нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған.
Осыған байланысты прокуратура Қонаев қаласының сотына талап арызбен жүгінген. Сот талап арызды толық қанағаттандырып, коммерциялық мақсаттағы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция