USD
USD
USD

«Біреулер қастықпен өлтірді» – Композитор Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды

Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды.

Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы
Фото: инстаграм

Алматы, NEGE. Қаралы хабарды өнер жұлдыздары жеткізді. 

«Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін! Кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасымен бауырына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Мақпал Жүнісова. 

 Журналист Ләйлә Сұлтанқызы да қазаға көңіл айтты. 

«Осы жаңа суыт хабарды естіп, көңілім құлазып отыр. Қазақта «аталатсаң да, боталатпа» дейді ғой. Қазір Арманның жесірі, келіншегіне өте ауыр, қиын. Үлкен ұлы қайтыс болды дегенді естіп, отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын», - деді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Айта кетейік, 2023 жылы 24 қаңтарда танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өткен болатын. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі кафеде газ жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбедегі кафе жарылысы

Қазақстандық бортсерік қыз Кувейтте жансақтау бөліміне түсті: экипаж жапон энцефалитін жұқтырған болуы мүмкін

уланған қыз

Mercedes-Benz-тің Германиядағы зауыттары жабылуы мүмкін

Mercedes-Benz

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығуға байланысты қозғалыс шектеледі

арнайы күштер