USD
USD
USD

Коммунистік партия аялдамаларға арнайы пандус орнатуды ұсынды

Қазақстан коммунистік халық партиясының елордалық комитеті тұрғын үйлер мен аялдамалардың мүгедектерге қолайсыздығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коммунистік партия аялдамаларға арнайы пандус орнатуды ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Менің ойымша, бұл мәселелерді сәулет басқармасы бақылауы керек. Қалада пандустар бар, бірақ олар тиісті талаптарға сай келмейді. Салынатын үйлер мүгедектерге ыңғайлы болуы керек, дәретханаларға дейін олардың қажеттіліктері ескерілуі тиіс. Өкінішке қарай, бізде ол жолға қойылмаған», - деді ҚКХП Нұр-Сұлтан қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов.

Спикер баспанаға кезекке тұрарда мүгедектердің қажетті жағдай жасалмаған ескі үйін есепке алмауды ұсынды.

«Қазіргі нормалар бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамның тұрғын үйі болса, оны баспана кезегіне қоймайды. Бірақ оған мұндай үйде тұру өте қиын, баспалдақта оны анасы көтеріп жүруі мүмкін. Сондай-ақ, аялдамаларда арнайы пандустар жасауды ұсынамын, қоғамдық көлік жүргізушілеріне пандусқа жақындауды міндеттеу керек. Басқа елдерде осындай тәжірибе бар. Сосын автобус жүргізушілері түсіретін рельспен көтерілу дені сау адамға да қиын және жүргізуші арбадағы адамды байқамай қалатын кездер болады», - деді Н. Оразханов.

Айта кетейік, Қазақстан коммунистік халық партиясы елордада мүгедек жандардың құқығын қорғау туралы дөңгелек үстел өткізді. Партияның хабарлауынша, елордада 36 мың әлеуметтік нысанның 64 пайызы мүгедектерге қолжетімсіз . Және қаладағы 26 мың мүгедек жандарға 36 инватакси ғана жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Өрт сөндіру

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай