USD
USD
USD

Коммуналдық көмекті алуға 4 мамырдан бастап өтініш қабылданады

2020 жылдың 4 мамырынан бастап, 2020 сәуір жылғы және мамыр айларына әр ай сайын 15 мың теңгеден 30 мың теңге мөлшерінде коммуналдық шығындардың бір бөлігін жабу үшін көмек алуға өтінім қабылдау басталады.

Коммуналдық көмекті алуға 4 мамырдан бастап өтініш қабылданады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Елорда Инфо «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимовке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызметті жүзеге асырушыларда жеке шоттары болған жағдайда коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар 7 санаттағы тұлғаларды анықтады: 1, 2, 3 топтағы мүгедектер; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көп балалы отбасылар; ең төменгі және одан да төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызілікті зейнеткерлер бар», деп көрсетті Е.Каналимов facebook желісіндегі парақшасына.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы