Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр ма?
Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр ма?
Алматы, NEGE. Алматының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері жаңа жыл күндері жоғары дайындық режимінде жұмыс істеді. Алматы қаласының инженерлік желілері мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде бірде-бір ірі және орташа апат болған жоқ.
«Біз Жаңа жылды жоғары дайындық жағдайында өткіздік. Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысында ірі ақаулар тіркелген жоқ. Осы күндері сумен жабдықтау және электр желілерінде болған бірнеше жергілікті сипаттағы төтенше жағдайлар қысқа мерзімде жойылды», - деді қалалық Энергиятиімділік және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев.
Оның айтуынша, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс жасауы — бұл Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылатын отын-энергетикалық кешенінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының барлық кәсіпорындарын жаңа жылдық мерекелерге тыңғылықты дайындаудың нәтижесі.
Тәулік бойы кезекшілік ететін жедел-профилактикалық бригадаларға және диспетчерлік қызметтерге ерекше назар аударылды, олардың кәсібилілігі алматылықтар мен қала қонақтарының жайлылығын қамтамасыз етті.
Жалпы, 2020 жыл ішінде Алматы қаласының тұтынғаны:
- 5 миллиард киловатт сағат электр энергиясы;
- 1 625 миллион текше метр газ;
- 145,5 миллион текше метр суық су, оның 75,1 миллион текше метрі халық;
7,9 млн гигакалория жылу энергиясы, оның 5,5 млн-ы (69,6%) «Алматы электр станциялары» АҚ-на, 2,4 млн-нан астамы (30,4%) - «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС-нің 84 қалалық қазандықтары жылу берді.