USD
USD
USD

Коммуналды қызметтердің шығынын төмендететін тұрғын үй көмегі қолға алынды

Мемлекеттік тұрғын үй көмегі аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың коммуналды қызметтерге байланысты шығындарын ішінара өтеу жолдары қарастырылып отыр, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Коммуналды қызметтердің шығынын төмендететін тұрғын үй көмегі қолға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы жылдың бірінші тоқсанында 372 млн теңгеден аса қаражатқа 17 мың отбасы тұрғын үй көмегін алды. Сонымен қатар былтыр өтемақы мөлшері мен үміткерлердің санын ұлғайтатын өзгерістер енгізілді.

Осы орайда елімізде мұқтаж азаматтардың коммуналды қызметтерге жұмсалған шығындарын өтеу үлесі орта есеппен – 52,8%. Аталған тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттен төленетінін, сондай-ақ оны тағайындаудың белгіленген ережелері бар екенін айта кетейік.

Жоғарыда айтылған шығынның шекті деңгейі мен тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін жергілікті мәслихаттар бекітетінін ескерген жөн.

Өңірлік әкімдіктердің деректеріне сүйенсек, кейінгі 4 жылда 174 мыңнан астам азамат шамамен 5 млрд теңгедей сомаға тұрғын үй көмегіне ие болған. Осы ретте әлеуметтік аз қамтылған отбасының табысы (мысалы 4 адамнан тұратын отбасыны алғанда) бір адамға шаққанда шамамен 25 798 теңгені, ал тұтастай отбасына есептегенде 103 192 теңгеден аспауға тиіс.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG