USD
USD
USD

Көмір қымбаттады

Семей және еліміздің бес облысында көмір бағасы қымбаттады, – деп хабарлайды Nege.kz тілшісі ҚазТаг агенттігіне сілтеме жасап.

Көмір қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Статистика комитетінің мәліметінше, көмірді бөлшек сату нарығында баға құбылып тұр. «Мәселен, Шымкентте (13 пайызға), Ақтөбеде (12,9 пайызға), Көкшетауда (9,8 пайыз), Қарағандыда (4,9 пайыз), Қызылордада (7,1 пайыз), Талдықорғанда (10,5 пайызға) төмендесе, Семейде (3,9 пайызға),  Қостанайда (0,6 пайызға), Оралда (5,7 пайызға), Павлодарда (20 пайызға), Өскеменде (0,8 пайызға), Петропавлда (0,5 пайызға) қымбаттаған. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Жезқазған, Тараз қалаларында баға өзгерген жоқ», – деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, Ақтау мен Атырау  жылу құбырының желісі газдандырылған. «2019 жылдың қаңтар-қазан айында көмір өндірісі 88,9 млн  тоннаға жеткен. Бұл еліміздің барлық өңіріне жеткізілуде. Сондықтан көмірге деген тапшылық жоқ», – деді Дәленов.

Айта кету керек, бұған дейін Парламент депутаттары Қазақстан көмір өндіру ісі бойынша әлемде алғашқы ондыққа кірсе де, бағаның мемлекет тарапынан қадағаланбай отырғанын айтқан еді. 

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков