USD
USD
USD

Коми елінде 14 қазақстандық есірткі қылмысымен ұсталды

  Коми республикасының астанасы Сыктывкарда бір топ қазақстандық ұсталды. 

Коми елінде 14 қазақстандық есірткі қылмысымен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар есірткінің ірі партиясын өндірді деген күдікке ілінген. Жергілікті полиция өткен жылдың аяғында 21 жастағы Қазақстан азаматын қамауға алған. Ол қылмыстық топ құрамында болған. Тәртіп сақшылары 35 құпия қойманы әшкерелеп, 35 грамм каннабис тәркіледі. Ақпанда тағы 23 жастағы қазақстандық қолға түсті. Одан 2 партия есірткі шыққан. Ұсталған қазақстандықтар саны 14 адам, ал тәркіленген зиянды заттың көлемі 185 грамды құрайды.

Дархан Маманов, ҚР Ресейдегі ҚР вице-консулы:

 – Қазіргі таңда кем дегенде Қазақстанның 14 азаматы Сыктыквар қаласында тергеу изоляторында. Сот шешімі шыққан жағдайда 10-нан 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Осыған орай біздің азаматтарымызды, әсіресе жастарды қылмыстық сипаттағы оңай жолмен ақша табу үшін күмәнді ұсыныстарға бой алдырмауға шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян