USD
USD
USD

«Көмешбұлақ» ауыз су магистралі қаламыз үшін маңызды жоба

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жұмыс кестесіне сәйкес бүгін "Көмешбұлақ" ауыз су магистралінің құрылысын қадағалады.

«Көмешбұлақ» ауыз су магистралі қаламыз үшін маңызды жоба
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Биыл қаланың ауыз су инфрақұрылымын жетілдіруге 16 млрд теңге бағытталып, 3 магистралды, ауыз су тасымалына тәуелді 7 елді мекенге су жеткізу, кестемен берілетін 2 елді мекенде ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары атқарылды. Нәтижесінде жыл соңына дейін 25 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, қаланың жалпы қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан 98%-ға жететін болады.    

Жалпы ұзындығы 4,48 шақырымды құрайтын жобаның құрылыс алаңында сала жетекшілерімен жұмыс жиынын өткізген Мұрат Дүйсенбекұлы, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында халықты ауыз сумен қамту бойынша нақты міндет қойғанына тоқталып, бұл салада 2023 жылға дейін қаланың ауыз сумен қамтылу көрсеткішін 100%-ға жеткізу межеленгенін айтты.    

Атқарылған істердің сапасын айрықша бақылауда ұстауды, құрылыс нысандарын белгіленген мерзімдерінде аяқталуын қадағалауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком