USD
USD
USD

Комадан шыққан боксшы Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға үндеу жасады

Танымал қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін отандастарына жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Комадан шыққан боксшы Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Боксшы өзіне қолдау білдірген хабарламалардың скриншоттарын жариялап, алаңдап, қолдау білдіріп отырған отандастарына алғысын білдірді.

"Осыған ұқсас хаттар көп келген екен, барша қолдап жатқан халқыма рақмет. Алла қаласа мықты болып ораларым сөзсіз. Алар асуымыз алда", - деп жазды Ербосынұлы.

Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта салмақ санатындағы жекпе-жек WBA-дің "тұрақты" әлем чемпионы атағы үшін өтті. Жекпе-жектен кейін ол шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған "миына қан кету" диагнозы қойылды.

Қазір оқып жатыр

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық