Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Колумбияда вирус жұқтырғандардың 48 пайызы жазылды

Соңғы тәулікте Канадада коронавирус жұқтырудың рекордтық саны тіркелді. Індет жұқтыру саны 6 258-ден 7 437 оқиғаға дейін өскен. Осылайша, тәулік ішінде елде Covid-19 вирусын 1179 адам жұқтырған, деп хабарлайды Канада Денсаулық сақтау министрлігі.

Колумбияда вирус жұқтырғандардың 48 пайызы жазылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирус жұқтырудың ең көп саны Квебек провинциясында тіркелді. Онда бір тәулікте 590 жаңа оқиға анықталған. Екінші және үшінші орында – Онтарио провинциясы (1706 оқиға) және Британдық Колумбия (960 оқиға).

Британдық Колумбияда ауру жұқтырған адамдардың 48 пайызы сауықты.

Канадада коронавирус жұқтырудың бірде-бір оқиғасы тіркелмеген жер – Нунавут арктикалық аумағы.

12 наурызда әлемдік БАҚ коронавирустың Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның зайыбынан анықталғанын хабарлаған. Лондоннан оралған одан тест алынып, індеттің бар екенін көрсетті. Премьер-министрдің өзі және үш баласынан вирус белгілері анықталмаған еді. Өткен демалыс күндері Софи Трюдоның толық жазылып, өзін жақсы сезінгені туралы жарияланды.

Канадада коронавирусқа шалдығудың бірінші оқиғасы 15 қаңтарда тіркелген. Індеттен көз жұмғандар саны – 89 адам.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА