USD
USD
USD

Колумбияда Шакираға 6 метрлік ескерткіш орнатылды

Колумбиялық әнші Шакираға арнап өзі туған Барранкилья қаласында жағажайға ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Kazinform.

Колумбияда Шакираға 6 метрлік ескерткіш орнатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салтанатты рәсімге әлемге танымал поп-жұлдыздың ата-анасы қатысты.

6 метрлік қола «Шакираны» жасаған сәулетші Йино Маркес оның 2005 жылы Hips Don’t Lie («Мықын өтірік айтпайды») әніне түсірілген бейнеклипіндегі биін көрсеткен.

Қала мэрі Хайме Пумарехо ескерткіштің ашылуында сөз сөйлеп, Шакираға Кариб өңірінің бүкіл қыз-келіншектеріне шабыт көзі болып жүре бер деп тілек айтты.

«Осы сәтті ата-анаммен бөліскеніме қуаныштымын. Анамның туған күнінде осындай шаттыққа бөленгеніме ризамын», – деп жазды Шакира өзінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ әнші ескерткіштегі арнау мәтініне көңілі босағанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК