Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Колумбияда жойқын жер сілкінісі болып, төтенше жағдай жарияланды

Колумбияның Тынық мұхиты жағалауында қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі салдарынан 132 адам қаза тауып, 87 адам зардап шекті. Елде төтенше жағдай жарияланды.

жер сілкінісі
Фото: un.org

Астана, NEGE. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,4 болған.

Жер сілкінісі дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:34-те (Гринвич уақытымен 12:34) басталды. Оның ошағы Сан-Хосе-дель-Пальмар ауылының маңында, 107 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жақында өткен сайлаудан кейін ел басшылығына кіріскен Абелардо де ла Эсприэлья  Ұлттық үкімет халықты қорғау, зардап шеккен аймақтарға қолдау көрсету және қажет жерлердің барлығына көмек жеткізу үшін қолда бар барлық ресурсты жұмылдыратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі басты міндет – үйінді астында қалған адамдарды құтқару.

Колумбияның ірі қалалаларының бірі – Калиде бастапқыда 18 адам қаза тапқаны айтылғанымен, кейін олардың саны өсе түскен, 20 ғимарат қираған. Мұндай деректі қала мэрі Алехандро Эдер келтірді.

Рисаральда мен Кордова аумағында да зардап шеккендер бар екені, көптеген ғимарат қатты зақымдалып, адамдар жараланғаны хабарланды.

Жерасты дүмпулері ел астанасы Боготада да сезілді. Қала жер сілкінісінің ошағынан шамамен 400 шақырым жерде орналасқан. Дүмпу кезінде бағдаршамдар мен ағаштар тербеліп, тұрғындар үйлерінен сыртқа шыққан. Қалада бірнеше ғимараттан халық эвакуацияланды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты

Қазақстанда әкімдіктердің біржолғы төлемін кім алатынын енді ЖИ анықтайды

көмек

Қазақстанда Egov 3.0 порталы іске қосылды

eGov Mobile

Қазақстанда медициналық қызметтерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

диагностика