USD
USD
USD

Колумбияда жойқын жер сілкінісі болды

Жексенбі күні Колумбия аумағында магнитудасы 6,5-ке тең жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Euronews.

жер сілкінісі
Фото: Фото: Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Колумбияның Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Паратебуэно қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Зілзала елдің көп бөлігінде сезілген. Эпицентрдегі дүмпулердің қарқыны бойынша бұл жер сілкінісі «опустошительное», яғни жойқын деп бағаланды. Жерасты толқындары астана Богота қаласында да байқалып, тұрғындар мен кеңсе қызметкерлері қауіпсіз орын іздеп көшеге шыққан.

Қазіргі уақытта қираған ғимараттар немесе зардап шеккендер туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Әлеуметтік желілерде жарияланған фотосуреттер мен бейнежазбаларда Богота тұрғындарының толқындарды сезіп, сыртқа шығып кеткені көрінеді. Ауылдық өңірлерден келген алғашқы мәліметтерге қарағанда, айтарлықтай зақым тіркелмеген.

Айта кетейік, Колумбия Тынық мұхитының «Отты белдеуі» аталып кеткен, жиі сейсмикалық және жанартаулық белсенділігімен танымал аймақта орналасқан.

Бұған дейін АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) Калифорнияда орын алуы мүмкін аса ірі жер сілкінісі – «Big One» – қаупінің айтарлықтай артқанын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған