Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Колумбия Украинаға әскер жібермек

Шілде немесе тамыз айларында Колумбия бір топ әскерилерін Украинаға жібереді, деп хабарлайды  El Tiempo газеті.

Колумбия Украинаға әскер жібермек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Колумбия билігі Украинаның Қарулы Күштеріне "минадан тазарту жұмыстарына" атсалысуды жоспарлап отыр. Алдымен колумбиялықтар Украинамен көршілес елдердің біріне барады. Олар шамамен 5-9 айдай сол аймақта бола алады.

Колумбияның Қорғаныс министрі Диего Моланоның айтуынша, Киевке көрсетілетін көмек елдің "НАТО-дан тыс негізгі одақтас" мәртебесі аясында жүзеге асырылатынын мәлім етті. Колумбиялықтардың бұл қадамы АҚШ-тың Қорғаныс министрі Ллойд Остинмен келісілген.

Бұған дейін Канада билігі 24 ақпаннан бері елге көшіп келген украиналық босқындарға қаржылай көмек көрсететінін жариялады. Елдің иммиграция, босқындар және азаматтық алу істері жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, ересек украиналықтарға 3 000 канадалық доллар (шамамен 2,4 мың АҚШ доллары), ал 17 жасқа дейінгі балаларға 1500 канадалық доллардан (шамамен 1,2 мың АҚШ доллары) беріледі.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф