Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Колумбия президенті АҚШ-ты халықаралық құқықты бұзды деп айыптады

Колумбия президенті Густаво Петро АҚШ-тың оған берген визасын кері қайтарып алғанын сынап, бұл әрекет халықаралық құқықты бұзу деп мәлімдеді.

Густаво Петро
Фото: REUTERS/Bing Guan

Алматы, NEGE. АҚШ билігі визаны Нью-Йоркте Петро Палестинаны қолдау акциясына қатысып, америкалық әскерилерді президент Дональд Трамптың бұйрықтарына бағынбауға шақырғаннан кейін күшін жойғанын хабарлады.

– Енді АҚШ-қа баратын визам жоқ. Маған бәрібір. Маған виза қажет емес… өйткені мен тек колумбиялық емес, сонымен бірге еуропалық азаматпын және өзімді әлемдегі еркін адаммын деп есептеймін, – деді Петро.

Ол “геноцидті айыптағаны үшін визаны кері қайтару АҚШ-тың халықаралық құқықты құрметтемейтінін көрсетеді” деп атап өтті.

Газа билігінің дерегінше, Израильдің әскери операциясы салдарынан шамамен 65 мың адам қаза тапқан, анклав халқы түгелдей дерлік үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Бірқатар құқық қорғау ұйымы, зерттеушілер мен БҰҰ-ның тергеуі бұл жағдайды геноцид деп бағалап отыр. Ал Израиль мұндай айыптауларды жоққа шығарып, бұл әрекетін 2023 жылғы қазан айында ХАМАС жасаған шабуылдан (сол кезде 1 200 адам қаза тауып, 250-ден астамы тұтқынға алынған) кейінгі өзін-өзі қорғау деп түсіндіреді.

Манхэттендегі БҰҰ штаб-пәтері алдында Палестинаны қолдаушыларға арнаған сөзінде Петро палестиналықтарды азат ету үшін халықаралық қарулы күш құруға шақырып, америкалық сарбаздарға үн қатты:

— Адамдарға қару кеземеңдер. Трамптың бұйрықтарын орындамаңдар. Адамзаттың бұйрықтарына бағындыңдар.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф