USD
USD
USD

Колонияға шелпек ішіне насыбай жасырып өткізбек болған күдікті ұсталды

Алматы облысында колонияға шелпек ішіне телефон мен насыбай жасырып өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Колонияға шелпек ішіне насыбай жасырып өткізбек болған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекеменің қызметкерлері сотталғанға бандероль сәлемдемені тапсыру кезінде шелпек ішінен скотчталған жеті орамды тауып алған. Олардың ішінен екі ұялы телефон, қырық дана ақ түсті белгісіз дәрілер, құлаққап, зарядтағыш құрылғы және алты дана насыбай бумалары табылып, тәркіленді. Тыйым салынған заттарды бандероль арқылы жіберген адам анықталды.

"Аталған деректер бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда тәркіленген белгісіз дәрілерді анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды", – деді ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізгендер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев