USD
USD
USD

Колониядағы танысына сүйек майына есірткі жасырып өткізбекші болған әйел ұсталды

Қызылордада колонияға әйел адам сүйек майына жасырылған есірткі заттарын өткізбекші болғаны анықталды.

Қызылорда облысы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 60 (қауіпсіздігі аралас) мекемесінде қарақшылық үшін жазасын өтеп жатқан сотталған азаматқа әйел адам есірткіні сүйекке жасырып өткізуге тырысқан. Азық-түлік салынған сөмкені арнайы құрылғы арқылы тексеру барысында заттардың күмәнді түсі байқалған. 

Тексеру тобының қызметкерлері сүйектің ішінен түйіншектерді тапқан. Жедел-тергеу тобы шақырылып, табылған зат сараптамаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 129,9 грамм кептірілген марихуана болып шықты. 

"Сотталғандар және олардың туыстарына ескерту мен түсіндірме жүргізілді. Соған қарамастан, колонияға тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет ету тіркеледі. Аталған жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Зиябеков.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер