USD
USD
USD

Колония қызметкерлері донор болды

ШҚО бойынша қатаң режимдегі колония қызметкерлері акцияны жалғастырып, донор болды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Колония қызметкерлері донор болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  ШҚО бойынша қатаң режимдегі колония қызметкерлері қатарынан екінші шағын – топ Семей қаласындағы қан орталығында 1-топ және 3-топтағы резус-фактор (+) оң қан топтарын тапсырды. Еске сала кетсек, 20 мамырда ОВ-156/14 мекемесінің жеке құрамынан бірінші шағын топ резус фактор (+) оң 2-топ қанын тапсырған болатын.

– Заманауи емханада қан және оның құрамдас бөліктерінің донорлығы дені сау адамдар үшін қауіпсіз процесс болып табылады. Адам қаны – ол теңдесі жоқ материал, қаншама заманауи дәрілік құралдар жасалса да, оны алмастыру мүмкін емес. Әрбір минут сайын донорлық қан мыңдаған науқастардың өмірін құтқарып қалса, қанға деген сұраныс емханаларда үнемі жоғары. Араларында үнемі, тәжрібиелі және алғаш қан тапсыратын донорлары бар, біз осы колонияның қызметкерлеріне зор алғыс білдіреміз. Қызметтері ауыр болса да осындай игі шараларға уақыт табатын адамдар мақтауға тұрарлық, – дейді орталықтың жас буын дәрігер-мамандары Ботагоз Калибекова және Алиса Юнкер.

– Донор болу тек қана құрмет емес, сонымен қатар денсаулыққа да пайдалы. Егер біз өз ісімізбен қан тапшылығы мәселесін шешуге көмектессек, біз оған риза боламыз. Қызметкерлер келесі кезекте, 3-шағын топ, 1 желтоқсанда донор болады, – дейді департамент бастығының орынбасары Галымжан Балтабаев. 

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық