USD
USD
USD

Қолма-қол ақшасыз төлем көлемі артты

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 2,4 есе артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді

Қолма-қол ақшасыз төлем көлемі артты
Фото: NEGE.kz

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, министр рәсімдерді оңайлату мен көлеңкелі айналымдар үшін тиімсіз орта құру - қадағаланбайтын экономика деңгейін төмендетудің тиімді құралы екенін жеткізді. Осыған байланысты, салық салу саласында кірістерді есепке алудың ашықтығын ынталандыру, арнайы салық режимдерін жетілдіру, салықтық әкімшілендіруді оңайлату жөнінде шаралар қабылданды.

«Бизнес өкілдерінің пікірін ескере отырып, 2019-2020 жылдары онлайн кассалық машиналарды қолдану енгізілді. Бұл ретте, онлайн кассалық машиналарды сатып алуды жеңілдету үшін ынталандыру беріліп, кассалық машинаның құны салық сомасынан шегеріледі. Осылайша, шығындар өтеледі», – деді Р. Дәленов Үкімет отырысында.

Қолма-қол ақшасыз айналымдарды заңдастыру үшін қосылған құн салығын тіркеу шегі есебіне қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізілмейді.

«Бұдан басқа, патент бойынша арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін саудадағы қолма-қол ақшасыз айналымдарға арналған мөлшерлеме 2%-тен 1%-ке дейін төмендеді. Нәтижесінде 2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,4 есеге артты. Сонымен бірге, ведомство басшысы арнайы салық режимдерін жетілдіру шаралын баяндады.

«Шағын және орта бизнес үшін режимдерді қолдану критерийлері кеңейтілді. Сауда саласы оңайландырылған декларация режиміне ауыстырылды. Тіркелген шегерімнің жаңа режимі енгізілді. Бұл ретте, соңғы 2 жылда арнайы салық режимдерін қолданатын кәсіпкерлер саны 20%-ке артып, 1,2 млн төлеушіге жетті», – деді министр.

Қазір оқып жатыр

Таразда мұғалімді «жемқор» деп атаған әйел сотқа тартылды

кісі өлімі

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

.

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

Сергей Филь

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Баспана