USD
USD
USD

Колледждерде оқу мерзімі қысқарады

Қазақстанда колледжде оқу мерзімін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Колледждерде оқу мерзімі қысқарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бүгінде заңнамалық деңгейде колледждерде оқу мерзімін белгілеу туралы норма алып тасталды. 9 сынып негізінде оқу мерзімін 3,6 жылдан екі жылға дейін және 11 сынып негізінде 2,6 жылдан 1,5 жылға дейін қысқарту жоспарланып отыр. Колледждер оқу мерзімін реттеп, өз өнімін сату мүмкіндігіне ие болады", - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Аймағамбетов биыл 180 колледжді жаңғырту аяқталатынын айтты. Ол бойынша әрбір өңірде дамыған материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспары мен бағдарламасы бар кемінде жеті заманауи колледж жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер