USD
USD
USD

Колледж студенттерінің жаппай улануына қатысты тексеру басталды

Қостанай аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Рудныйдағы колледж асханасында студенттердің тамақтан жаппай улануына қатысты тексеру жұмыстарын бастады.

Колледж студенттерінің жаппай улануына қатысты тексеру басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Санитарлық бақылау басқармасының ресми өкілі Ержан Байтанаев «2022 жылдың 21 сәуірі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, ауыр ішек инфекциясының белгілерімен Рудный тау-технологиялық колледжінің 35 студенті медициналық көмекке жүгінді. Оның 14-іне «Жіті гастроэнтерит» диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаториялық ем тағайындалды», – деді.

Рудный полиция басқармасы қозғаған қылмыстық іс аясында Қостанай облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірлік басқармамен бірлесіп «S_SALTA» ЖШС жалға алған колледж асханасына жоспардан тыс тексеру жүргізуді бастады. Ведомство өкілдері студенттерден сауал алу барысында оларда жүрек айну, құсу, сұйық дәрет түріндегі ішек инфекциясы белгілері болғанын атап өтті. Зардап шеккендердің бәрі колледж асханасында тамақтанғаннан кейін ауырып қалған. Науқастардың жағдайы тұрақты, орташа ауыр деңгейде.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау депратаменті мен аумақтық басқарма мамандары зертханалық тексеру үшін азық-түлік, су сынамаларын алған. Мамандар эпидемияға қарсы шараларды жүргізіп жатыр», – деп қорытындылады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум