USD
USD
USD

Колледж студенттеріне арналған онлайн-мектеп ашылды

Нұр-Сұлтанда 4 колледж негізінде ақысыз онлайн-мектеп ашылды. Онда студенттер жыл соңына дейін құрылыс саласына қатысты пәндер бойынша оқи алады деп хабарлады кәсіпкер Талғат Қожахметов.

Колледж студенттеріне арналған онлайн-мектеп ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бастаманы Нұр-Сұлтан политехникалық колледжі, «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола көлік колледжі , «Тұран» колледжі қолдап отыр.

«Жыл соңына дейін студенттерге BI Group қызметкерлері, дизайн, жобалау, құрылыс, жобалық-сметалық құжаттар, жабдықтар мен ғимараттарды пайдалану, HR саласындағы кәсіби мамандар дәріс оқиды», - дейді Талғат Қожахметов. 
Онлайн-мектепте медицина ғылымдарының кандитаты, жоғары санатты дәрігер, «Астана медицина университеті» АҚ жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасының доценті, BLS, ACLS халықаралық нұсқаушысы Алексей Кокошконың қатысуымен алғашқы сабақ өтіп, ол дәрісті тыңдаушыларға құрылыс нысандарындағы еңбек қорғау жайын айтып берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан «Теңізшевройлмен» келісімді ұзарту үшін $10 млрд талап етті

Теңізшевройл

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық

ҚМГ: АИ-95 пен АИ-98 өндірісінде ақау анықталған жоқ

бензин экспорты

Индустриялық аймақтар Alatau City-дің бірыңғай экономикалық жүйесіне біріктіріледі

Дөңгелек үстел қатысушылары