USD
USD
USD

Колледж студенттеріне 16 пән бойынша жаңа үлгідегі оқу бағдарламалары әзірленді

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерде алты бағыт және 16 пән бойынша жаңа үлгілік оқу бағдарламалары енгізіледі. Олардың қатарында педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық-технологиялық, көркемдік-технологиялық, аграрлық-технологиялық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бар. Бұл туралы Техникалық және кәсіптік білім департаменті басшылығы хабарлады.

Колледж студенттеріне 16 пән бойынша жаңа үлгідегі оқу бағдарламалары әзірленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа үлгілік оқу бағдарламаларында жұмыс беруші талаптары мен өңір ерекшеліктері ескеріледі және сағат саны мен тақырыптардың мазмұнын 25% - ға дейін өзгерту көзделген.

«Жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламаларында білім алушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін бейіндік бағыт ескеріледі. Ол мамандыққа қатысты кәсіби-танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал етеді. Мысалы, «көлем» тақырыбын алатын болсақ, оны зерттеу кезінде арнайы пән мұғалімі сабақты қозғалтқышы бар шеберханада өткізуге болады. Педагог оның қалай жұмыс істейтінін сол жерде көрсетеді, одан кейін студенттермен бірге қозғалтқыш, жану камерасы секілді басқа да элементтерінің сызбасын қарастырады. Маман үшін білім берудің бұл әдісі өте маңызды, бұл тәсілді математиканы оқытуда да пайдалануға», - дейді департамент директоры Ернат Жүнісов.

Колледжге түсетіндердің 80%-ы 9-сынып түлектері. Олар бірінші жылы жалпы білім беретін пәндерді оқиды. Бұрын колледждер жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларына негізделсе, енді пәндер студенттер таңдаған мамандыққа бағдарланған практикалық сабақта оқытылады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов