USD
USD
USD

Көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі азаматтар мен мемлекетке миллиондаған шығын келтіретін ұйымдасқан қылмыстық схемаларды анықтау бойынша кешенді жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Арнайы жедел іс-шаралар барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі прокуратураның көмегімен Алматы қаласында көлік құралдарын тіркеуге қоюдың қылмыстық циклін анықтады.

Топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан. Нәтижесінде VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды.

– Қылмыстық іс-әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. АЕҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп тексеру жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Мемлекетке заңсыз әрекеттерден келтірілген залал шамамен 320 млн теңгеден асты. Алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Айболат Бекнияз, Людмила Скрипник

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

жарақат

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Тоқаев, Масадыков

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты

.