USD
USD
USD

Көлікте 1,5 миллион теңге болған: Өзгенің темір тұлпарын заңсыз иемденген күдікті ұсталды

Жамбыл облысының полицейлері өзгенің көлігін де, ақшасын да заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Көлік ұрлығы
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1 500 000 теңге ақшасын ұрлаған ер адамды ұстады.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік құралы Тараз қаласынан табылды.

34 жастағы күдікті ақшаны алып, көлікті мөлтек аудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттілігі үшін жаратып үлгерген.

Ол қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов