USD
USD
USD

Көлік полицейі суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды

Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкері суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкері Мұхан Батыр әдеттегідей әріптестері криминалист Башаров Абзал және тергеуші Бахилов Нұрдәулетпен бірге жедел-тергеу тобы құрамында шақыруға шыққан.

Теміржол бойымен келе жатып кенеттен су арнасы орналасқан жақтан кішкентай қыздың айқайлап, көмекке шақырып жатқан дауысын естіді. Полицейлер дереу оқиға орнына жетіп, суға батып бара жатқан әйелді байқады. Жедел уәкіл Б.Мұхан адамды құтқару үшін ойланбастан бірден суға секірді. Тәртіп сақшысы жүзіп барып, жәбірленушіні аман-есен жағаға шығарып, алғашқы көмек көрсетті.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы келісімен оны дәрігерлерге тапсырды.

– Ойлануға уақыт болмады, тез шешім қабылдау керек болды. Сол себепті әйел адамды құтқару үшін суға секірдім, – дейді Б.Мұхан.

 – Қызым екеуміз шомылып келмек болғанбыз. Суда жүргенде аяғымның сіңірі тартылып, суға бата бастадым. Содан кейін ештеңе есімде жоқ. Көзімді ашсам полиция қызметкері мені судан жағаға шығарып, көмек көрсетіп жатыр екен. Алғысым шексіз, өмірімді сақтап қалғаны үшін полиция қызметкеріне ризашылығымды білдіріп, алғысымды айтамын, – дейді Шу қаласының тұрғыны.

Қазір тұрғын аман-есен үйінде, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. 

Қазір оқып жатыр

ҰҚК әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеру нәтижесін жариялады

Нурлан Сабуров

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жауапты болған Наиль Нұров қамауға алынды

Наиль Нұров

Астананың жылу, электр және су желілері 4,5 млрд теңгеден астам қаржыға жаңартылмақ

Жөндеу жұмысы

«Челсиге» ауысатын Дастан Сәтпаев 17 маусымда «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізеді

Дастан Сәтпаев