USD
USD
USD

Көлік нөміріне қар қатып қалғаны үшін айыппұл төлей ме?

Қыстыгүні көлік номерін қар жауып қалса да айыппұл салынады.

айыппұл
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қыста көліктерінің нөмірлерін тазалауға салғырт қарайтын көлік жүргізушілеріне ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша айыппұл салынады.

«Оқылмайтын немесе сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлері (белгілері) орнатылған көлікті жүргізу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», – деп жазылған бапта.

2025 жылға бекітілген 1 АЕК – 3 932 теңгеге тең. Осылайша, көлік нөмірін қардан тазаламаған жүргізушілер 19 660 теңге айыппұл төлеуге тура келеді.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов