USD
USD
USD

Көлік министрлігі ішкі әуе рейстерін қосылған құн салығынан босатуды ұсынды

Қазақстанда ішкі әуе рейстерін қосылған құн салығынан босату ұсынылып отыр.

Ұшақ апаты
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Биылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін көтерілді. Бұл тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеп соқты.

«Ішкі тасымалдарды одан әрі дамыту үшін заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылады. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдарға облысаралық рейстерді өз есебінен субсидиялауға рұқсат беру. Сонымен қатар тұрақты рейстерге қосылған құн салығын алып тастау», – дейді министр.

Сондай-ақ бүгін, 19 мамырда Үкіметте өткен жиында көлік министрлігінің басшысы ішкі рейстерге биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізілетінін атап өтті. Оның айтуынша, пилоттық жоба алдымен Астана – Шымкент бағыты бойынша іске асырылады.

Бұған қоса ол паспорттық бақылаудан өздігінен өтуге арналған автоматтандырылған мультибиометриялық терминал – Q-Gate жүйесі бақылаудан өту уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта Астана және Алматы әуежайларында 16 Q-Gate терминалы жұмыс істейді. Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларының әуежайларында тағы 16 Q-Gate орнату жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны