USD
USD
USD

Көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты тергеудің қорытындысын дайындап жатыр

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала қорытындысы жақын күндері жарияланатынын айтты.

Ақтау
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол мамандардың жұмысты қаңтардың соңына дейін аяқтай алмағанын атап өтті.

«Мамандарға барлығын дұрыс жасау үшін уақыт керек, біз қазір соңғы сатыдамыз, оны жақын арада жариялаймыз», - деді Қарабаев.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау түбіндегі ұшақ апатының алдын ала себептері қаңтардың соңында жарияланатынын хабарлаған болатын. 

Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 67 адам, соның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты, олардың арасында 6 Қазақстан азаматы бар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты