USD
USD
USD

Көлік министрлігі «Аэрофлот» әуе компаниясына қатысты жағдайды түсіндірді

«Аэрофлот» әуе компаниясының мәліметінше, бүгін компанияның ақпараттық жүйесінде техникалық ақау шықты, деп хабарлады Көлік министрлігі.

Аэрофлот
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Компания өкілдері бұл ақау тек Ресей ішінде орындалатын ішкі әуе рейстерін реттейтін ішкі IT-жүйелерге ғана қатысты екенін хабарлады.

Аталған техникалық ақау халықаралық рейстерге, соның ішінде Қазақстан бағытындағы рейстерге әсер етпейді. Қазақстанға және Қазақстаннан орындалатын рейстер қолданыстағы кестеге сәйкес жүзеге асырылуда, рейстерді тоқтату жоспарланбаған.

Сонымен қатар, SU1962/1963 «Мәскеу – Астана – Мәскеу» рейсі техникалық себептерге байланысты орындалмаған. Барлық жолаушыларға хабарлама жіберілді, тасымалдау SU1914/1915 рейсімен жүзеге асырылады. Рейстің мәртебесі өзгерген жағдайда барлық қызметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсынылады.

Компания барлық жолаушыларға рейстердің мәртебесін алдын ала тексеріп отыруды ұсынады.

Министрлік «Аэрофлот» әуе компаниясының өкілдерімен жедел кеңес өткізді, оның барысында жолаушыларға алдын ала ақпарат беру және тиісті қызметтер көрсету қажеттігі атап өтілді. Бұл мәселе Министрліктің ерекше бақылауында.

Қазір оқып жатыр

130 мың тонна астық қазақстандық өнім ретінде экспортталған: мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келді

Астық

Шикізат жеткізумен ғана шектелмейді: Тоқаев Германияға жаңа серіктестік ұсынды

Халық Кеңесі

Көкшетауда қаза болған Аян Дүйсековті тұрғын үйден шығару туралы мәселе қаралмаған – сот

Аян Дүйсеков

Қазақстанның бес өңірінде жылыту маусымы басталды

Жылу батареясы