USD
USD
USD

Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін

Қазақстанда көлік терезелеріне күннен қорғайтын пленка жабыстыруға қатысты тыйымды қайта қарау мәселесі Парламент деңгейінде талқыланып жатыр.

.
Фото: png.klev.club

Астана, NEGE. Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков бұл шектеуді алып тастап, көлік әйнектерін күннен қорғайтын пленкамен күңгірттеуді ақылы негізде заңдастыруды ұсынды.

Депутаттың пікірінше, мұндай жүйе жол инфрақұрылымын дамытуға қосымша қаржы көзі бола алады. Оның айтуынша, қазіргі жағдайда теңсіздік туындап отыр.

«Шетелдік нөмірлі көліктер мен кейбір елдерден келген автокөліктер Қазақстан аумағында күннен қорғайтын әйнек жабынымен емін-еркін жүрсе, отандық жүргізушілер үшін мұндай мүмкіндік шектеулі. Көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Қытай мен Өзбекстанда, көлік терезелерін күннен қорғайтын жапсырмамен жабдықтауға рұқсат берілген. Ал біздің азаматтар үшін бұл шектеу әлі де сақталып отыр», – делінген депутаттық бастамада.

Халық қалаулысы бұл жүйені енгізу арқылы бюджетке қосымша қаражат түсіруге болатынын айтады. Оның сөзінше, жиналған қаржы жолдарды жөндеу мен дамытуға бағытталуы мүмкін.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бұл ұсынысты қолдайтынын білдірді. Оның айтуынша, қазіргі тыйым заңнан емес, Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бұйрығынан туындаған.

«Бұрын көлік ішін жасыру қылмыстық қауіппен байланысты болды. Қазір бейнебақылау мен жасанды интеллект адамның бет-әлпетін анықтай алады», – деді ол.

Сондай-ақ депутат мұндай пленканы әсіресе ыстық аймақтарда күннен қорғану құралы ретінде қарастыру қажет екенін айтты.

Ал Астана тұрғыны Ильяс Өмірбек бұл бастамаға қарсы пікір білдірді. Оның айтуынша, көлік терезесін күңгірттеу жүргізушінің көру мүмкіндігін төмендетіп, жол апатының қаупін арттыруы мүмкін. Ол өзі қатысқан екі жол-көлік оқиғасын да осы жағдаймен байланыстырады. Балама ретінде ол «антиблик» әйнек технологиясын қолдануды ұсынды.

Қазір оқып жатыр

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Жол белгісі

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?

сот

Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

Қапам ата мешіті

Жазда Астанадан Балқаш, Үржар бағытында арзан рейстер ашылады

әуе рейстері