USD
USD
USD

Көлік әлеуетін толық ашу үшін теңіз порттарындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қажет — Олжас Бектенов

Үкімет отырысында Премьер-министрге Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Жоба Semurg Invest компаниясының жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.

Сыйымдылығы жоғары астық терминалын, жалпы жүк терминалын, әмбебап терминал мен сұйық жүк терминалын іске қосу жоспарланып отыр.

«Маңғыстау облысы арқылы стратегиялық маңызы бар екі мультимодальды дәліз өтеді. Олар – Транскаспий халықаралық көлік бағыты және Солтүстік-Оңтүстік дәлізі. Көлік әлеуетін толық ашу үшін өңірдің теңіз порттарындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдап, «Каспий торабының» терминал қуатын арттыру қажет. Бұл жобалар елімізге Каспий жағалауындағы серіктестерімен тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала