USD
USD
USD

Қолының сұғы бар пошта қызметкері

Түркістан облысының полицейлері өзгенің ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қолының сұғы бар пошта қызметкері
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Келес АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адам, пошта бөлімшесіндегі есепшотынан 200 000 теңгеге жуық ақшасын белгісіз тұлға заңсыз шешіп алғанын көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аталған істің мән-жайын анықтау барысында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басын анықталды. Ол жергілікті тұрғын, пошта қызметкері жас қыз болып шықты. Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінің қызметкері тұрғынның ақшасын өзі қол қойып, шешіп алғаны айқындалды. Сонымен өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен, өзгенің сеніп тапсырылған мүлікін иемденген күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) және 385-бабы (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілді.
 

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.