USD
USD
USD

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Қостанайда «Тобыл» футбол клубының қорғаушысы Пап-Алиун Ндиайеге жалға алған пәтерінің кіреберісінде белгісіз біреулер шабуыл жасады. Футболшы болған жайтқа пікір білдірді.

Пап-Алиун Ндиайе
Фото: Пап-Алиун Ндиайе/Instagram

Астана, NEGE. Ол желідегі парақшасында қазіргі уақытта жағдайы жақсы екенін айтып, көмек көрсеткен Дәурен есімді азаматқа алғысын білдірді.

«Әлхамдулиллаһ, жағдайым жақсы. Олардың қолында суық қару болса да, еш жарақат алмадым», – деп жазды футболшы.

Сондай-ақ футболшы қостанайлық полицейлерге алғысын жеткізді.

«Жағдайды бақылауға алған Қостанай полициясына алғысымды білдіремін», – деді Ндиайе.

Ал футбол клубы көршілер арасында тұрмыстық жанжал шыққанын, қазір екі тараптың да бір-біріне ешқандай өкпе-реніші жоқ екенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли