USD
USD
USD

«Қолымдағы кітап» акциясы басталды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бастаған акцияға Nur Otan партиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен блогерлер қолдау көрсетуде.

«Қолымдағы кітап» акциясы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі карантин уақытында «Қолымдағы кітап» акциясын бастады.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында кітап оқу мәдениеті насихатталатын болады.

Қатысушылар карантин уақытында өздері оқып жатқан кітапты таныстырады.

Сондай-ақ өздерінің сүйікті авторларымен, шығармаларымен бөліседі. Акция барысында кітапқұмар блогер және қоғам қайраткерлерімен тікелей эфирлер, онлайн сұхбаттар ұйымдастырылады.

Онлайн іс-шараның тұсаукесері блогер Айнұр Бұлақбаймен өткізілді.

Тікелей эфир барысында ол кітап оқуды қалай әдетке айналдыру, жылдам оқу техникасының құпияларымен бөлісті.

Эфир барысында көрермендер өз сұрақтарына жауап алды.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов