USD
USD
USD

Көлікті сүйреп ұрлап кеткен

Атырауда полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнебақылау камераларының көмегімен ұрланған автокөлікті тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлікті сүйреп ұрлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық полиция басқармасына С.Датов көшесіндегі №15 үйдің ауласында тұрған “LADA Granta” автокөлігінің жоғалғаны туралы қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуынша, автокөлігін тамыздың 1-11 аралығында аулада қараусыз қалдырған. Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының инспекторы Гаухар Султанова, көрсетілген мекен-жай маңайында орналасқан бейнебақылау камераларынан жазбаларды қарау кезінде, іздестіріліп жатқан көлікті ауладан “Mitsubishi L200″маркалы көлікпен сүйреп шығарғанын анықтайды. Қырағы капитан бұл ақпаратты шұғыл кезекші бөліміндегілерге баяндайды. ҚПБ Жергілікті полиция бөлімінің инспекторлары ұзамай қолды болған “LADA”-ны дәл сол Датов көшесіндегі №25 үйдің ауласынан тауып иесіне қайтарды. Ұзамай қылмысқа қатысты 1990 жылы туған ер адам ұсталды. ҚР Қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк