USD
USD
USD

Көлікте қыз зорлаған азаматқа қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда автокөлікте қыз зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Көлікте қыз зорлаған азаматқа қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында «Немолчи» қозғалысының әлеуметтік желідегі жазбасынан мәлім болды. Онда Ақтауда тұратын бойжеткенді танысы мәшинеде зорлағаны жайлы айтылған.

«Ол қыз пәк болатын. Кеше полицияға арыз берілді, бірақ әлі күнге дейін тергеуші белгілі емес, жәбірленушінің киімін де алған жоқ. Полицейлер күдіктіні ұстамады, оқиға орны да қаралған жоқ, көлікті айып тұрағына қоймады, тіпті сараптама да тағайындаған жоқ» деп жазылған мәліметте.

Осыған қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«2021 жылы 26 қазанда Ақтау қаласы полиция басқармасына қыз бала танысының оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскені туралы жазбаша арыз жазған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр» деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай