USD
USD
USD

Көлік жүргізушілердің мастығын тексерудің жаңа ережесі әзірленді

ҚР Ішкі істер министрлігі жүргізушілердің масаң күйiн куәландыруға жiберу, масаң күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресімдеу қағидаларын әзірледі.

Көлік жүргізушілердің мастығын тексерудің жаңа ережесі әзірленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қағида жеке тұлғалардың алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйін куәландыруға жіберу және оның нәтижелерін ресімдеу, сондай-ақ көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын жүргізушілердің масаң күйін куәландыру тәртібін айқындайды.

Жеке тұлғалардың, оның ішінде көлiк құралдарын басқарудан шеттетiлген жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнiң масаң күйiн куәландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасымен осыған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдар масаң күйдi  айқындайтын арнайы аспаптар мен құралдарды қолдану арқылы тiкелей әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде және/немесе медициналық ұйымдарда жүргiзе алады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетiлген күн, уақыт, орын, негiздер көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.

Масаң күйін куәландыру актісі тиісті хаттамаға қоса беріледі.

Жолдамаға оны толтырған лауазымды адам, сондай-ақ куәландыруға жiберілген жүргізуші қол қояды.

Куәландыруға жiберiлген жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы медициналық ұйымның куәландырудан бас тартуына негiз бола алмайды. Жеке басы туралы мәлiметтер куәландырушының сөзiнен жазылып алынады.

Қағидаға сәйкес, арнайы аспаптар мен құралдарды қолдану алдында олардың жарамдылығы, метрологиялық тексеру күнi тексерiледi.

Куәгерлер болмаған кезде жүргізуші куәландыруды олардың келiсiмiмен жүргiзуге жол берiледi. Мұндай куәландырудың нәтижелерi куәландырылушының келiсiмi туралы белгiсi бар куәландыру актісiнде жазылады.

Жүргізуші әкiмшілiк құқық бұзушылық жасалған жерде куәгерлердiң қатысуынсыз куәландыру жүргізуге немесе куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, олар медициналық мекемеге медициналық куәландыруға жiберiледi.

Жүргізуші әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада, масаң күйiн куәландыру актiсiнде немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса берiлетiн жекелеген түсiнiктемеде масаң күйiн куәландырудан өтуден өзiнiң бас тарту уәждерiн жазады.

Жүргізуші масаң күйiн куәландырудан жалтарған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде толтырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада және масаң күйiн куәландыру актiсiнде бұл туралы белгi жасалады.

Құжат 4 қазанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңа ережелердің бекітілуімен ескі құжаттардың күші жойылады.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу