USD
USD
USD

Көлік жүргізушілер 14 млн айыппұл төлемеген

Атырау облысында өткен "Борышкер" іс-шарасынан кейін айыппұлын төлемей жүрген көлік жүргізушілері анықталды.

Көлік жүргізушілер 14 млн айыппұл төлемеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облысының полицейлері 15 қазан-15 қараша аралығында «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. «Басты мақсат – жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлын төлемей жүрген жүргізушілерді анықтау. Патруль полиция қызметкерлері тек бір тәулік ішінде айыппұлын төлемеген 8 жүргізушіні анықтап, олардың көлігі арнайы тұраққа койылды. Мәселен, С.Датов көшесінде ресейлік нөмірі бар «Audi a6» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көлік иесінің 500 040 теңге айыппұлын төлемегені анықталып, автокөлік айып тұрағына жеткізілді. Іс-шара кезінде 192 көлік иесінің 14 млн теңге көлеміндегі айыппұлды төлемегені белгілі болды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айыппұл төлемеген жүргізушілердің басым бөлігі, яғни, 135 жүргізуші Ресей Федерациясында тіркелген көлікпен жүрген. Ал, Армения Республикасының көлігімен жүргендер – 18 жүргізуші. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көлігіне екі түрлі нөмір таққан жүргізуші ұсталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль