USD
USD
USD

Көлік жүргізуші жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген

Жүргізуші куәлігі жоқ Нұр-Сұлтан тұрғыны жалған нөмірлермен 4 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзған, - деп хабарлайды астаналық ПД баспасөз қызметі.

Көлік жүргізуші жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалған мемлекеттік нөмірлермен автокөлік басқарған Mercedes жүргізушісі ұсталды.

«Ер адам автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз айдап, 4 миллион теңгеден астам сомаға жол-көлік ережесін бұзған. Жүргізуші барлық бұзған ережесі туралы сол жерде хабарланды. Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, 83 340 теңге 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ, 27 жастағы жүргізушіге қатысты талаптарға сәйкес келмейтін нөмір белгілері бар автокөлікті басқарғаны үшін ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешім қабылдану үшін материал Нұр-Сұлтан мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Қазір оқып жатыр

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция