Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Көлік ұрлаушылар қолға түсті

Алматыда бүйір айналарын ұрлауға маманданған ұрылар тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік ұрлаушылар қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Біздің қызметкерлер арнайы жасақтың сарбаздарымен бірге 1988 және 1999 жылы туған үш ер адамды ұстады, олар Алматы облысының, Жамбыл ауданының тұрғындары. Жастар қымбат көліктерден бірнеше бүйір айналарын ұрлады деген күдікке ие. Қаскөйлер түнде, негізінен қаланың орталық бөлігінде жұмыс жасады. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде ұсталған адамдардың осыған ұқсас бес ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды: біздің ауданда төрт факт орын алды. Тағы біреуі – Медеу ауданында. Айыпталушылар қаланың барлық жерінде ұрлық жасаған болуы мүмкін. Жаңа эпизодтарды анықтау жұмыстары жалғасуда, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников. Сондай-ақ, спикер, ұрланған автокөлік айналарын сату каналдарын анықтау бойынша жедел шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Айтпақшы, ұсталғандардың бірі бұрын мүліктік қылмысы үшін сотты болған. Бұл топтың қанша уақыт жұмыс істегені әрі қарай зерттелетін болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда аукцион өткізу тәртібі өзгертілмек: кепілдік жарна құны қымбаттайды

Аукцион

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды: 75 мыңнан астам талапкер тегін білім алады

мемлекеттік білім гранты

Ұлттық валютаны инфляция қарқынының баяулауы қолдап отыр – сарапшылар

теңге бағамы

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Ұлдана Мырзуан