USD
USD
USD

Көлік ұрлаумен күрес: Мемлекет басшысы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД келісімшартына көлік ұрлаумен күрес туралы түзетулерді ратификациялайтын заңға қол қойды, – деп хабарлайды Ақорда сайты.

Көлік ұрлаумен күрес: Мемлекет басшысы заңға қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы «2005 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада. 

Құжаттың басты мақсаты – ұрланған автокөлік иелерінің құқықтарын қорғау және оны заңды иелеріне қайтару мәселелерін жедел шешу механизмін анықтау.

ТМД елдерінде автокөлік ұрлаумен бірлесіп күресу үшін тіркеуден шығарылған және бұзылған автомобильдер туралы ақпарат жазылатын мәліметтер базасы құрылады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер