USD
USD
USD

Көлік шинасын ауыстырмағандарға айыппұл салынады

Полиция қыс айларында жазғы шинамен жүргендерге айыппұл салынатынын ескертті.

Көлік шинасын ауыстырмағандарға айыппұл салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеден одағының 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті бойынша қыста (желтоқсан, қаңтар мен ақпан айларында) қысқы шина салынбаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Қысқы шиналар көлік құралының барлық доңғалағына орнатылуға тиіс. Оның арнайы таңбасы, сондай-ақ "М+S", "M&S", "M S" белгісі болады.

Қысқы шинада бүртабан (шип) болған жағдайда көліктің артқы терезесіне белгі қою қажет. Қыс мезгілінде жазғы шинамен жүргендер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы, 5-бөлігі ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша 5 АЕК (15 900 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер