USD
USD
USD

Көлік сатылады деп жалған хабарландырулар жариялаған Көкшетау тұрғыны ұсталды

Полицейлер көлікті сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған Көкшетау тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік сатылады деп жалған хабарландырулар жариялаған Көкшетау тұрғыны ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда ақмола тұрғынының алаяқтықтың үш фактісіне қатысы бар екені анықталды, ал жәбірленушілер еліміздің әртүрлі өңірлерінің тұрғындары болып табылады. Осы жылдың үш айы ішінде Көкшетау полициясына автокөліктерді сату туралы жалған хабарландырулар орналастырған интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтардан бірден бірнеше өтініш келіп түсті.

“Тартымды” бағалы автокөлікті сату туралы ұсынысты жәбірленушілер Колеса.KZ танымал жарнама сайтынан көріп, кейін көлік иесімен байланысқа шыққан. Алматының 33 жастағы тұрғынының айтуынша, ол Hyundai Tucson автокөлігін сатып алмақ болып хабарландыру авторымен байланысып, сатып алу – сату мәмілесі туралы келіскеннен кейін иесі хабарландыруды сайттан алып тастау үшін алдын ала төлем жасауды өтінген. Келіншек көрсетілген шотқа 50 мың теңге аударған соң көлік иесі байланысқа шығуды тоқтатқан.

Осыған ұқсас өтініштер Алматы облысы мен Қарағанды қаласының тұрғындарынан келіп түсті.

Барлық деректер бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, нәтижесінде жалған хабарландырулардың авторы – Көкшетаудың 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұстау кезінде жедел қызметкерлер заттай дәлел ретінде ұялы телефондар мен 60 SIM картаны тауып алып, тәркіледі.

Полицейлер ұялы телефондарды тексерген кезде құны 17,2 млн теңге болатын автокөлікті сату туралы жалған хабарландыру орналастырылған аккаунтты тауып алды.

Қазіргі уақытта жәбірленушіге қатысты қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен басқа жәбірленушілер белгіленіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы