USD
USD
USD

Көлік салығын төлеу мерзімі сәуірге дейін ұзартылды

Салық жүйесіне енгізілген өзгерістерге сай биылдан бастап көп қабатты үйде тұратындар жер салығын төлемейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлік салығын төлеу мерзімі сәуірге дейін ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа нормаға сай енді жер және мүлік салығы біріктірілді. Ал, көлік салығы әр жылдың 31 желтоқсанына дейін емес, келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлену керек. Бұл норма жергілікті биліктің қаржыны игеруіне де жүргізушілердің өсімпұлға ұрынбауына да септеседі.

Айта кетейік, қазақстандық көлік жүргізушілері қазынаға 14 миллиард теңге қарыз. Бұл берешек бүйірден қыспағанымен, жеме-жемге келгенде едәуір кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы шұғыл шетелге шығу керек болса, алдымен қарызды өтетеді.

Былтыр көлік салығынан қазынаға 38 миллиард теңге түскен. Қалған қаржы сәуірдің біріне дейін түседі деп жоспарланған. Жаңа нормаға сай есептік кезеңнің І тоқсанына дейін қаржы төлеу жергілікті билікке де ыңғайлы көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы